Шымкенттегі зауытта 3 мың қытайлықтың жұмыс істейтінін естіген Түймебаев шошып кетті

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының құрылысында жұмыс жасап жатқан қытайлық азаматтар саны Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты «шошытып» жіберді, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жансейіт Түймебаев. Фото: NUR.KZ

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына жасаған сапары барысында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан өндіріс орнының ахуалы туралы мәжіліс өтті. Оған министрмен қатар ОҚО әкімі, зауыт басшылығы мен жаңғырту жұмыстарын жүргізуші «СРЕСС» мердігер компаниясының вице-президенті және тағы да басқа сала мамандары қатысты.
Мәжіліс барысында мердігер компания өкілі Му Хуадун жаңғырту жұмыстарына 4 мың жұмысшы тартылғанын мәлім етті. Бір қызығы, оның 3 мыңы қытайлық азаматтар болса, 1 мыңы ғана қазақстандықтар екен. Мұны естіген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бұл талапқа сай еместігін айтып, басшылыққа жергілікті азаматтарды жұмысқа тарту қажеттігін ескертті.
«Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ең ірі салық төлеуші өндіріс орнының біріне айналып отыр. Мұнда жергілікті жұмысшылардың үлесі көбірек болуы қажет. Ол үшін облыс орталығындағы кәсіптік техникалық мамандандырылған колледжді өз қамқорлықтарыңызға алып, жұмыс жасағандарыңыз дұрыс»,-деді Түймебаев мырза.
Айта кетерлігі, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады. Энергетика министрінің сөзіне сенсек, келер жылдан бастап елімізде бензин тапшылығы болмайды. Себебі Шымкенттегі зауытты қосқанда Атырау мен Павлодардағы өндіріс орындары жаңғырту жұмыстарынан өткен соң жанар-жағармай мен дизель отын көптеп шығарылып, экспорттауға да мүмкіндік тумақ.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев Атамбаевқа Қазақстанның қырғыздарға қалай көмектескенін айтты (фото)
Қызылордада үйі өртеніп, анасынан айырылған балаларға әкімдік бір қап ұн алып берген
Отандық жұлдыздың жүрегін жаулаған миллионердің қызы туралы не білеміз? (фото)

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1466356-shymkentte...

Самые важные новости дня с facebook & twitter


Похожие новости

Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері Астанаға ұшып шықты 0 0 0
Маңғыстауда дезертир іздестірілуде 0 0 0
Солнечные ресурсы Экибастузской ГРЭС-2 0 0 0
Павлодар қаласының көшелерін су басты 0 0 0
Алматыда ондаған машина жолда қазылған шұңқырға түсіп кетті 0 0 0
БҰҰ-да Астана кодексі даярланып жатыр - Әбдірахманов 0 0 0
Шымкенттегі мұнай қоймасындағы өрт бүгін таңға жуық сөндірілді 0 0 0
15 жасында тұрмысқа шыққан ақтөбелік бойжеткеннің күйеуі Сирияға кетіп қалды 0 0 666
Қымбат көліктің кілтін иесіне қайтарған балақай ерекше сыйлыққа ие болды 0 0 666
Розы Рымбаева и Ульяна Сергеенко: кто они - самые известные женщины ВКО? 15 15 666