Димаш Құдайберген тағы бір жүлдені қанжығасына байлады

Миллиондаған жанкүйердің жүрегінінің төрінен орын алып үлгерген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды деп хабарлайды massaget.kz.

Фото: vk.com

Айта кетейік, Димаш "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі бесінші жүлдесі.
Айта кетейік, Димаш бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды.
Тағы оқыңыздар: Дауысы Қайрат Нұртастан айнымайтын балақай желіні жарды (видео)
Естеріңізге сала кетейік, «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Бұл Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады.
Шара барысында 19 жеңімпаз марапатталатын болады. Аталған шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) жеңіп алған еді.

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1522822-dimash-qud...

Самые важные новости дня с facebook & twitter


Похожие новости

Димаш Құдайберген әлемдегі ең танымал марапаттардың бірін еншіледі 0 0 0
Меморган басшылары енді өздері қалаған қызметшінің лауазымын өсіре алмайды - А.Шаимова 0 0 0
Мемлекеттік қызметте бонусты «таңдаулы» әрі «тиімді» қызметшілер алады 0 0 0
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 50 пайызға өсуі мүмкін 0 0 0
Қанат Ислам айқасының андеркартында жеңіліп көрмеген сегіз боксшы шығады 0 0 0
Жыл басынан мемлекеттік қызметшілер 1 млрд. теңгеге жуық пара алған 0 0 0
Қазақстандықтардың қай министрліктерде жұмыс істегісі келетіндігі белгілі болды 0 0 0
Қазақстандықтардың қай министрліктерде жұмыс істегісі келетіндігі белгілі болды 0 0 0
Димашу вручили очередную престижную премию в Китае 0 0 0
Қазақ тойындағы тағы бір сорақы би жұрттың жағасын ұстатты 0 0 0