ЭКСПО-да тағы да шу: Шымкенттен келген бір топ мұғалімді күзетшілер кіргізбей қойды

ЭКСПО басталғалы бері еліміздегі тұрғындардың тынышы кетті.  Күні кеше ғана Шымкент қаласынан көрмеге арнайы келген ұстаздарды ЭКСПО-ның күзетшілері кіргізбей қойған. Бұл туралы NUR.KZ порталына Мақсат Ерболат есімді астаналық тұрғын хабарлады.

- Кеше түс кезінде көлігіме екі егде әйел мен бір кішкене қыз отырып, ЭКСПО  көрмесіне апаруымды өтінді. Халықаралық деңгейдегі шараны көру үшін олар сонау Шымкенттен, жұмыстарынан билет алып келгендерін айтты. Мен жолаушыларды діттеген жеріне апарып салып, жұмысыма жеткенде жолаушылардың бірінің ұялы телефоны көлігімнің ішіне түсіп қалғанын байқадым.
Олар осы телефонға хабарласып жоғалтқан затын кері әкеліп беруін сұрады. Жұмыстан шығып, кешке сағат 18 30-ға таман көрмеге барсам, бағанағы жолаушылар сыртта мені күтіп тұр екен. Барлығы қатты ашулы болды.
Не болғанын сұрасам,  ұстаздар күн бойына сандалып, ЭКСПО-ға кіре алмапты. Себебі, жұмыстан сатып алған билеттері жалған болып шыққан. Күзетшілер тексеріп штрих коды сәйкес келмейді, ал мөр түпнұсқа деп қайтарған. Мұғалімдер кешке дейін күтіп, үйлеріне қайтып кетті, - дейді астаналық азамат.
Айта кетерлігі алданып қалған ұстаздар әр билетті 8000 теңгеден мектептен сатып алған.
Аталған мәселеге қатысты NUR.KZ тілшісі  ЭКСПО көрмесінің қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі Сергей Куяновқа хабарласқан болатын.
«Біз бұл жайдан хабардармыз. Қазір барлығын тексеріп жатыр құзырлы орган. Бұл бірінші жайт емес. ЭКСПО басталғалы осындай 70 жалған билет тәркіленді. Көрмеге кіре алмаған мұғалімдер жайлы ештеңе айта алмаймын», - деп телефон тұтқасын тастай салды Куянов.
Еске сала кетейік, жақында Сергей Куянов ЭКСПО-ға келетін халықты памперс киіп жүруге шақырған болатын.
 

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1525875-ekspo-da-t...

Самые важные новости дня с facebook & twitter


Похожие новости

Мемлекеттік қызметте бонусты «таңдаулы» әрі «тиімді» қызметшілер алады 0 0 0
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер қанша сағат артық жұмыс істейді 0 0 0
Ресейдің танымал актрисасы Мәскеуде қаптап жүрген қытайлықтарды "ақымақ" деп атады 0 0 0
Әлемдік футболдың аңызға айналған жұлдыздары Астанаға келеді 0 0 0
Жыл басынан мемлекеттік қызметшілер 1 млрд. теңгеге жуық пара алған 0 0 0
Елбасы өз атына келіп түскен хаттармен мұқият танысып шықты 0 0 0
Қазақстанда туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады 0 0 0
Түркістанда медициналық мақта қоймасы өртенді 0 0 0
Легенды мирового футбола соберутся в Астане на EXPO 2017 Football Cup 0 0 0
Көлік апатына ұрынған қырғыз прокурорының машинасынан қылмыстық істер табылды 0 0 0