ЭКСПО көрмесінде туристерді таңғалдырған ең үздік бес павильон

ЭКСПО көрмесін бір күнде аралап шығу мүмкін емес, сол себепті NUR.KZ  порталы сіздерге ең үздік ТОП-5 павильонды көрсетеді. Себебі, келген туристердің баршасы оларды көргенде таңданыстарын жасыра алмай жатыр.

Фото және мәтін: NUR.KZ - Алена Бутенко

ГЕРМАНИЯНЫҢ жұлдызды порталы
Германияның екінші павильон залында үлкен айналы бөлме бар, ол толықтай жұлдызбен көмкерілген, айналасы қап-қараңғы. Өзіңізді галактикада тұрғандай сезінесіз.

Кенет үлкен үстелдің ортасында шұңқыр айналып, тұңғиықтан бізге жылтылдаған жұмбақ қолдар созыла бастайды... Жарылыс! Біз жаңа ғана әлемнің пайда болуына куә болдық. Шоу таңғалдырмай қоймайды.
Тағы оқыңыздар: Өзгелерді мешітті жарып жіберуге шақырған қария 20 жылға сотталып кетті (фото)

ИЗРАИЛЬДЫҢ елестер иллюзиясы
Израиль павильонын міндетті түрде көру керек, өйткені бізден кейін кірген туристер тобының таңданыстарында шек болмады. Тағы да иллюзияның ортасындамыз - мыңдаған шамдары бар бөлме шексіз тәрізді көрінеді. Кеңістікте жоғалып кетпес үшін, міндетті түрде селфи жасаңыз.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко


МОНАКОНЫҢ билейтін қарлығаштары 
Монакода сізді өте әдемі, механизацияланған шоу күтеді. Билейтін айналар - теңіз түбіндегі толқындар тәрізді, олардың жанынан жүзіп бара жатқан үйірлі балық, теңіз атбалықтары және қарлығаштар көрінеді. Су асты патшалығы кенет жоғалып кетіп, айна арқылы Монаконың лазурлі жағалауына алып барады.
Тағы оқыңыздар: Алматыда болған оқыс жол апатында қос аяғынан бірдей айырылған бойжеткен ауыр халде жатыр


 АВСТРИЯНЫҢ сүйкімді механизмдері
Австрия павильонында өте әдемі суреттер пайда болады, түрлі-түсті механизмдер балалар мен отбасылы суреттер үшін таптырмайтын фон. Оларды велосипед басқышын айналдырып, канаттарда ілініп тұру арқылы қозғалысқа келтіресіз.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Энергия Холлындағы робот-түйіршіктер мен сәулелі шоу 
Бұл механизм туристерді сөзсіз таңғалдырады, күміс түйіршіктердің әр қозғалысы миллиметріне дейін өлшенген, олар ақылға сыймайтын дәлдікпен әлем энергиясын көрсетеді. Геометриялық шоу, дауысты арнайы эффектілерге сөз жоқ.


Келесі бөлмеде мүлдем басқа қызықтар күтіп тұр. Үлкен кубтар арқылы мәнерлі лабиринт жарығының ойынын шектеусіз тамашалағыңыз келеді.

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1527678-ekspo-korm...

Самые важные новости дня с facebook & twitter


Похожие новости

Астананың кей жерлерінде көлік қозғалысы шектеледі 0 0 0
Қытайға қарағанда Қазақстанда бизнес үшін жақсы жағдай жасалған - Сан-Хо Шин 0 0 0
Қазақстанда туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады 0 0 0
Легенды мирового футбола соберутся в Астане на EXPO 2017 Football Cup 0 0 0
Өскен өңір: Оңтүстік Қазақстан - өркениетке ұмтылған өлке 0 0 0
Белгілі ресейлік әншінің сахнада көйлегі жыртылып қалды 0 0 0
Астанада жол-көлік оқиғаларының саны кеміді 0 0 0
20 шілдеде Астанада жарық сөндіріледі 0 0 0
Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде... 0 0 0
Елордада иттерді серуендететін жер жоқ - кинологтар кеңесінің өкілі 0 0 0