Мейрамбек Беспаевпен бірге қыдырған ақтөбелік шенеуніктің басы бәлеге қалды

Ақтөбелік шенеуніктер шетелде қыдырып, «купальникпен» жүрген суреттерімен әлеуметтік желіні толтырған. Шетелде жүрген суретін желіге мақтанып салған ақтөбелік шенділердің қатарында қала әкімі Испановтың орынбасары Жандос Байырханов та бар деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Отандық әншілермен қыдырып жүрген ақтөбелік шенеуніктер. Фото: instagram

«Әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкерлердің құшақтасып, қисайып, ернін шығарып тұрған суреттері көп болды. Әртүрлі суреттерді алдырып тастадық. Демалыста жағажайда жатқан, дастарханда отырған,«купальникте» түскен суреттер болды.
«Қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар болмайды». Адамдар өмірде кемшілік жібереді. Олар білмегесін суретін салды, қазір алып тастады»,- деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Қайыржан Тоқышев.
Тағы оқыңыздар: Ақтөбе әкімі тәртіптік кеңеске қырын қарағаны үшін басшылықтан кешірім сұрап жүр
Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлық және этика мәселесі туралы баяндаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары әлеуметтік желіге жұмысын емес, демалып жүрген суреттерін салатын мемлекеттік қызметкерлерге қатысты бейнеролик жасаған.
Департамент басшысы әріптестерін тағы бір мәрте жерге қаратудан бас тартып, бейнероликті этикаға байланысты жиында көрсеткен жоқ. Бірақ, желіге этикаға сай келмейтін суреттерін толтырған мемлекеттік қызметкерлердің көп екенін айтты.
«Ол адамдар жазаланды, тиісті жазасын алды. Өзінің жіберген кемшілігін мойындады. Әлеуметтік желідегі өзінің суреттерін алып тастады. Сондықтан оларды қайта-қайта қозғау керек емес. Олар кісі өлтірген жоқ, өзінің құрбысымен құшақтасып түскен суретін салды. Оны қайталап көрсету орынсыз», - дейді Қайыржан Тоқышев.
Енді мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желіге кез келген суреттерін сала алмайды.
Тағы оқыңыздар: Үйіне ұры түскен отандық әнші полицейлердің салғырттығына күйінді
«Құшақтасып тұрған, тойда отырған суреттер әдепке келе бермейді. Бәріміз де ағайындымыз, тойға барасың. Суретке түсіріп алып, туысқаның салып жіберуі мүмкін. Әдеп жөніндегі кеңестің талаптары күшейіп келеді. Үлкен жұмыс жүргіздік. Қазір бұл жағдай сап тыйылды десек болады», - деді Тоқышев.
Осыған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов шетелде қыдырып жүрген суретін салып, БАҚ өкілдерінің назарына іліккен болатын.

Фото: instagram

 
Жандос Байырханов танымал әнші Мейрамбек Бесбаевпен дастарханда отырған. Эстрада жұлдыздарымен шетелде демалып қайтқан әкімнің орынбасары желіге суретін жүктеп, кейін өшіріп тастады.
Мейрамбектің әйелі мен шенеуніктің әйелінің қатты ұқсайтындығын сұрағандарға шенеунік жауап берген емес.
Этика мәселесі талқыланған жиынға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырхановтың өзі де келді. Әкімнің шақыртып жатқанын айтқан орынбасар жиыннан ұзамай шығып кетті.
Тағы оқыңыздар: Маңғыстау түлектері бітіру кешінен бас тартып, 400 мың теңгені науқас қызға берді (фото)

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1527816-meyrambek-...

Самые важные новости дня с facebook & twitter


Похожие новости

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде... 0 0 0
Манчестердегі терактіде әйелді смартфоны құтқарып қалды 0 0 0
Биыл Ленгер қаласында 480 пәтер пайдалануға берілмек 0 0 0
Ақтөбеде қаланың 148 жылдығына орай марафон ұйымдастырылды 0 0 0
Айдар Махметов Германияда джиу-джитсудан өткен чемпионатта жеңімпаз атанды 0 0 0
«Астана» баскетбол клубы бас бапкерсіз қалды 0 0 0
Қыз алып қашып, басы дауға қалған жігіт екі-үш күнде тұрмысқа шығатын қыз іздеп жүр 107 107 666
Ессіз ғашық болған жігіт жасы келген әжеге үйленіп алды 0 0 666
Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс елімізде ет қымбаттап кетті 0 0 666
Қызылордада VIP нөмір сатудан мемлекет қазынасына 61 млн. теңге қаржы түскен 0 0 0