Жас қызды тоқалдыққа алмақ болған Жан Ахмадиевтің әйелі қарсы шықты

Жан Ахмадиевтің жары Индира Оразбаева "тоқал алам" деп жар салған күйеуінің сөзін жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол тоқал алуға ешқандай келісімін бермеген деп хабарлайды NUR.KZ.


Атышулы рэпер Жан Ахмадиевтің тоқал алатыны туралы ақпарат желіні шарлап кетті. Осы орайда ол NUR.KZ порталына бұл ақпаратты растап, пікір білдірді.

Тоқал болуға келісімін берген Айжан есімді бойжеткен.

"Иә, тоқал алатыным рас. Ол қызбен тойымыз күзде болады. Жасы он сегізде. Ата-аналарымыз қарсы емес. Әйелім де қарсы емес. Жағдайым жетеді екі отбасын асырауға. Неге алмасқа?", - деді ол.
Тағы оқыңыздар: 18 жастағы қазақстандық қыз арнайы ұшақпен Варшавадан Астанаға жеткізілді

Тоқал болуға келісімін берген Айжан есімді бойжеткен.

Оның айтуынша, тіпті жас бойжеткеннің ата-анасы да олардың некесіне қолдау білдіріп отыр.
Дегенмен, Жанның жұбайы Индира Оразбаева бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол күйеуінің ешқандай да тоқал алмайтынын айтты.

Тоқал болуға келісімін берген Айжан есімді бойжеткен.

"Егер тоқал алатын болса, онда мен оған өз келісімімді бермеймін. Ажырасамыз. Тоқал болуға келісімін берген қыздың да ұяты жоқ екен", - деп бар ойын жайып салды ол.
Тағы оқыңыздар: Алматы түбіне құлаған ұшақтан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды

Жан мен оның жұбайы Индира Оразбаева

Айта кету керек, бүгінде 26 жастағы Индира мен Жан екі қызды тәрбиелеп отыр.
Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1583763-zhas-qyzdy...

Самые важные новости дня с facebook & twitter