АҚШ-та оқитын қазақ студенті Голливудты бағындырмақшы

АҚШ-та оқитын қазақ студентінің киносценарийі халықаралық сценарийлер сайысында жоғары баға алды.

Мұрат Есжан. Фото: facebook

Сан Франциско Өнер Академиясының киносценарий саласы бойынша магистранты, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, журналист Мұрат Есжанның «Бостандықтан қашып құтылу» (Escape From Freedom) атты толықметражды фильмге арналған сценарийі Scriptapalooza халықаралық сценарийлер сайысының жартылай финалына шықты. Бұл туралы аталған байқаудың ресми сайты жариялады.
1998 жылдан бастап тағайындала бастаған Scriptapalooza халықаралық байқауының биылғы сайысына 3425 сценарий қабылданып, олардың 367-сі ширек финалға өткен. Байқаудың келесі сатысында қазылар алқасы 96 киносценарийді үздік деп танып, жартылай финалған өткізген.
Тағы оқыңыздар: Алматыда көше қиылысында тұрған автобус кенеттен өртеніп кетті (фото)
Байқаудың қазылар алқасының ерекшелігі сол – байқауға қатысып жеңімпаз атанған сценарийлер мен олардың авторларын Голливуд әлеміне тартуға ықпал ете алатын кино саласының продюсерлері, агенттері мен менеджерлерінен құралған.
Алдағы уақытта байқаудың финалдық жеңімпаздарының есімі белгілі болатындығына қарамастан, үздік жүздік қатарынан табылу Мұрат Есжанға бірнеше мүмкіндіктер береді екен. Байқаудың ресми сайтындағы ақпараттарға сүйенсек, жартылай финал жеңімпаздарының сценарийін Голливудтың жүзге жуық продюсерлері оқиды, бір жыл бойы байқау ұйымдастырушылары аталған жұмыстарды киностудияларға таратып, өндіріске қосуға тырысады.
Өткен жылдың жеңімпаздарының статистикасы бойынша, 102 автор сценариін үлкен кинокомпаниялар сатып алған, 93 автор кино не тв сценарий жазуға шақырылған. Ал 75 автордың фильм өндіріске енгізілген. Сондай-ақ бұл Американың Тəуелсіз жазушылар ұйымына мүше болуына мүмкіндік береді екен. Мұның өзі қазақ кино саласындағы маңызды оқиға.
Тағы оқыңыздар: Жиналыста ұйықтап қала беретін атышулы әкім жүзуден жарысқа қатыспақшы
«Ағылшынның уызынан қанып ішкен әміркен сценарийшілерінің арасында атыңның тұрғанының өзі бір жақсы сезімге бөлейді екен. Әйтеуір төбем көкке екі елі жетпей тұр. «Болашақ» кеше ғана орыс тілін білмегені үшін «Алтын белгіден» қағылған ауыл баласын қалың ағылшынның ортасында бір адамдай бәсекеге түсіріп қойды. Білген-түйгеніміз ертең елге барып, қалың қазақтың көңілінен шығатын дүние жасауға жараса, соның өзі мынадан жетіп жатыр», - деп жазады Мұрат Есжанның өзі Facebook-тағы жеке парақшасында.
Еске салып өтейік, Мұрат Есжан есімі интернетте миллионға жуық көрілім жинаған «Асыл арна» телеарнасының «Үлкен үй» сериалының сценарисі, «Мұнаралы Америка» деректі фильмінің авторы ретінде белгілі.
Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1585248-aqsh-ta-oq...

Самые важные новости дня с facebook & twitter