Ақтөбеде балаларды жерге жатқызып, аш ұстайтын балабақшаға тексеріс жүргізілетін болды

Ақтөбеде жеке балабақшадағы сұмдық жағдайға қатысты білім басқармасы түсінік берді. Басқарма жеке мектепке дейінгі ұйымды тексеру үшін прокуратурадан рұқсат сұрағанын хабарлады. Жауапты мекемеге балабақшада балалардың аш жүретінін, жерде ұйықтайтынын айтып, ата- аналар да арыз түсірген деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Фото Sputnik Қазақстан

«Ақтөбенің жеке бала бақшалары арнайы құрылған жұмыс тобымен тексеріледі. Алдағы аптада қаладағы жеке бала бақшаларға арнайы құрылған жұмыс тобы мониторинг жасауды жоспарлап отыр. Жұмыс тобының қатарына білім бөлімінің мамандарымен бірге еңбек ардагерлері және «Нұр Отан» партиясының мүшелері кіреді. Жұмыс тобының құрылуына себепші болған «Құлыным» жеке бала бақшасы басшылығының үстіне ата-аналардан түскен арыз», -деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ата-аналар жеке балақшадағы жағдайдың мәз емес екендігіне шу шығарып, тілшілерден көмек сұраған болатын.
Тағы оқыңыздар: Бүгін елімізде ауа-райы құбылмалы болады
Балалары бүргеге таланып келген. Жағдайға шағым айтқан ата-анаға балабақша қызметкерлері күш қолданған. Қазіргі уақытта білім басқармасы балабақша басшысынан түсініктеме алған.
«10-шы тамызда Ақтөбе қаласының білім бөліміне жеке қабылдауда болған қала тұрғыны Айгерім Шағамбаева «Құлыным» жеке балабақшасына қатысты шағым айтты. Оның айтуынша, балабақшада балалар жерде ұйықтап келеді, тамақтану жағынан да кемшіліктерін байқаған. Мамандар ата-анаға шағымды жазбаша түрінде арыздануын сұрады.
Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>
Кеше 11 тамызда «Құлыным» балабақшасының құрылтайшысынан тусініктеме алынып, алайда жұмыс орнында талапқа сай қызмет көрсетілмеуіне байланысты қалалық білім бөлімімен мекеменің келісім-шарты бұзылатынындығы туралы ескерту хат берілді. Сонымен бірге білім бөлімі тарапынан қызметтік тексеріс ашуға рұқсат алу үшін қалалық прокуратураға хат жолданды»,-деп хабарлайды білім басқармасы.
 
 

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1585998-aqtobede-b...

Самые важные новости дня с facebook & twitter