Сапарбаев 17 млн теңгеге сапасыз жол салған шенеунікті масқара қылды

Бүгін Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев су қоймаларын аралауға шықты. Сазды су қоймасына баратын жаңа жолдың сапасын көрген әкім шошып қалды. Бір шақырымдай қашықтыққа 17 миллион теңгеге жол салғызғанын мақтанышпен айтқан шенді əкімнен сөз естіді.

Су қоймаларын аралауға шыққан Сапарбаев. Фото: nur.kz

"Мынау жол ма? Бұл ертең-ақ шашылып қалады. Қараңдар, мынау жарамайды. Менің аяғыммен басқанның өзінде үгітіліп жатыр", - деді Бердібек Сапарбаев.
Əкім жолдың сапасын аяғымен түртіп, қолымен ұстап та көрді.

Бердібек Сапарбаев. Фото: nur.kz

Су шаруашылығы мекемесінің директоры Бекзат Наметов болса жолдың сапасы қалыпты деп айтудан танбады. Ақтөбедегі су шаруашылығын 30 жылдан бері басқарып келе жатқан басшы жаңа жолмен машина жүргізбейтінін айтты.
Тағы оқыңыздар: Белгілі саясаттанушы: Шенділер қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады
"Бұл жол осылай тұрады. Машина жүрмейді, тек адам жүреді. Бұл жолдан тек жеңіл машиналарды ғана өткіземіз", - деді Ақтөбе су шаруашылығы мекемесінің директоры Бекзат Наметов.

Жаңадан салынған жол. Фото: nur.kz

Айта кетерлігі, сапасыз жолдың салынғанына бір апта ғана уақыт болған.

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1640086-saparbaev-...

Самые важные новости дня с facebook & twitter


Похожие новости

Атамбаев Қырғызстандағы мұздықтардың 40%-ке дейін азаятындығына алаңдаулы 0 0 0
Жеңіс Қасымбек: Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға тасылатын контейнерлер 1 миллионға жетуі мүмкін 0 0 0
Бас прокуратура экономикалық қылмыстардың не себепті төмендегенін түсіндірді 0 0 0
ОҚО-да мақта талшығы Чехия мен Үндістан еліне экспортталады 0 0 0
Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі өзі туралы өсек таратып жүргендерге жауап берді 0 0 0
Желіде порно жұлдыз атанған шымкенттік дінтанушы туралы не білеміз? 0 0 0
Жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға ұмтылған кәсіпорындарға қолдау көрсетеміз - Қасымбек 0 0 0
ТҮРКСОЙ әртістері «Әуенді Сарыарқа» фестивалінде өнер көрсетті 0 0 0
Самарқанд жауһары БҰҰ-ға сыйға тартылды 0 0 0
Бүгін Серік Ахметовті бостандыққа шығару туралы қаулы күшіне енеді 0 0 0