Көзсіз махаббат: Қос жанарынан айырылған атыраулық жастардың хикаясы елді тәнті етті

Абылай Әділбеков – Атырау облысы Қызылқоға ауданының тумасы. Жасы жиырма бесте. Ол 12 жасынан бері қараңғылықта өмір сүріп келеді. Алматы облысы Қарасай ауданының тумасы Фариза Бақытова да 14 жасында көз жанарынан айрылған. Бірақ, олардың арасындағы мыңдаған шақырымдар екеуінің махаббатына тосқауыл бола алмады деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Абылай мен Фариза. Фото: azh.kz

Абылай спортта да, өнерде де біраз жетістікке жетті. Балалық шағын ауыл сахнасында ән айтумен өткізген жігіт бүгінде республикалық ән байқауларының да дипломанты атанып үлгерген.
Ол болашақ жары Фаризамен WhatsApp мессенджері арқылы танысып, жарты жылдай сөйлесіп жүріпті. Аталмыш желіде көзі көрмейтіндердің тобы бар екен. Сезімдерінің одан әрі өрши түсуіне Алматы қаласындағы шипажайдағы екеуінің демалысы себепші болған.
Тағы оқыңыздар: Денсаулық сақтау министрлігіндегі ірі шенеунік парамен ұсталды
"Демалып Атырауға келгеннен кейін әке-шешеме осы қызға үйленетінімді айттым. Өзімнен бұрын ата-анам уайымдады. «Өзің де бірінші топ мүгедегісің, ертеңгі күні қалай болар екен. Бұл қадам – үлкен жауапкершілік», - деді.
Ақырында ата-анамды көндіріп, содан үлкендердің батасын алып, Алматыға аттандым. Фаризаның ата-анасының рұқсатымен оны Атырауға алып келдім. Ата-анам Фаризаны көрді, ұнатып та үлгерді, қолынан шәй ішті. Қазір тойға қызу дайындық үстінде", - дейді Абылай.

Фото: azh.kz

Ал Фаризаның ата-анасы атыраулық жігітке тұрмысқа шығуына бірден келісе қоймаған.
"Алыс қала, келіп көрмеген жер, өзімде де аздап қорқыныш болды. Анам қолдап, әкемді де көндірді. Сөйтіп үлкен апам мен жездем бізді пойызға шығарып салды. Атырауға келгеніме бір аптадай уақыт болды. Әзірге бұл жақтың ауа райына үйрене қоймадым", - дейді қалыңдық.
Абылайдың жанұясы аудан орталығы - Миялыда тұрады. Оның екі әпкесі және бір қарындасы бар. Анасы жеке кәсіпкердің қарамағында есепші, әкесі – жүргізуші.
Тағы оқыңыздар: Қостанай облысында қызымен ұрысып қалған абақты қарауылшысы өзін-өзі атып тастаған
4-ші сынып оқитын Абылай далада ойнап жүргенде ит қауып алып, инфекция бас сүйегіне таралып кетеді. Алматыда жүргізілген операция кезінде дәрігерлердің қателігінен көз тамырларына зақым келіп, бір күнде көз жанарымнан айырылып қалған.
Төртінші сыныптан кейін бес жыл мектепті үйден оқыған ол 9 жылдық білім алған соң Атырауға келіп, осында тағдырлас бауырларын табады. Былтыр Атырау гуманитарлық колледжінің музыка факультетіне оқуға түскен. Оқуы тегін, 30 мыңдай шәкіртақы алады.

Фото: azh.kz

Фариза 14 жасқа дейін көріп келіп, кейін мүлде қараңғылық басып кеткен. Отбасындағы басқа балаларда да көздің көруінен проблема бар. Сондықтан ол әкесі жағынан тұқым қуалаушылық бар деп ойлайды. Себебі анасының көзі көреді.
Фаризаға кәдімгі мектепті тастап, зағиптар және көздері нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатқа оқуға түсуіне тура келген. Оны тәмамдап шыққан соң Спорт және туризм академиясына массажист мамандығына тапсырады. Қазір академияның екінші курсында білім алып жатыр.
Тағы оқыңыздар: Егде жастағы жүргізуші 20 секунд ішінде төрт автокөлікті соғып үлгерді
"Қазір қалада тағдырлас досыммен бірге пәтер жалдап тұрамыз. Оның бала-шағасы бар, әйелінің көзі көреді. Сол қол ұшын беріп отыр. Фариза да қарап отырмайды, көмектеседі. Тамағым пісірулі, көйлегім үтіктеулі. Өзім үйден таңертең кетіп, кешке бір келемін. Сабақта боламын, одан шығып соқырлар қоғамына барып ән айтып дайындаламын. Кешкісін залға барып жаттығамын. Күнім солай өтеді. Қалаішілік жұмыстарыма, сабаққа баруыма инва-таксиді пайдаланамын, ал жаттығуға бапкерім алып кетеді", - дейді Абылай.

Влюбленная пара. Фото: azh.kz

Фариза жаңа бастағалы отырған өмірі мен жаңа қалаға қатысты әсерімен бөлісті:
"Бұрын тұрмыс құрамын ба деп уайымдайтынмын. Абылай сияқты жігітті кездестіріп, өз бақытымды тапқаныма қуаныштымын. Көңілінен шығуға тырысып жүрмін. Тек әзірге Атыраудың көшелерімен өз бетіммен серуендеп жүре алмаймын. Алматыда арнайы таяғыммен қоғамдық көлікпен оқуыма барып келіп, саябақтарға жиі шығып тұратынмын. Ол жақта жаяу жүргіншілер жолдары жүруге ыңғайлы, сөйлейтін бағдаршамдар да бар", - дейді бойжеткен.
Жастар Абылай қолына дипломын алған соң ауылға көшіп баруды жоспарлап отыр. Өйткені ол - шаңырақтағы жалғыз ұл.
Абылай спорт пен өнерді де қатар алып жүргісі келеді. Екеуі де ертең қолғабыс болатын көп балаларымыз болса деп армандайды...

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1641038-kozsiz-mak...

Самые важные новости дня с facebook & twitter


Похожие новости

Моңғолия мен Қазақстан жеріндегі «бұғы тастардың» тарихы тереңде жатыр - профессор Баярсайхан Жамсранжавын 0 0 0
Оралда көпбалалы әйелді қағып кеткен бұрынғы полиция қызметкері 5 жылға сотталды 0 0 0
Штурм акимата: Исекешев взял на личный контроль проблемы дольщиков 0 0 0
Бүркітсіз өмір сүре алмайтынын түсінген Аиша оған өзі бірінші ұсыныс жасаған 0 0 0
Отырарда жастардың «Алтыбақан» сауық кеші өтті 0 0 0
Жол апатына түсіп, аяғынан айырылған Тамара Асар ауыр күндерін еске алды 0 0 666
Серік Ахметовтің бостандыққа шыққан сәтінен видео жарияланды 0 0 666
Жол апатына түсіп, аяғынан айырылған Тамара Асар ауыр күндерін еске алды 0 0 666
Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі өзі туралы өсек таратып жүргендерге жауап берді 0 0 0
Серік Ахметов бостандыққа шықты 0 0 666