Тұрғындар 10 баланы өрттен құтқарған "батыр" бомждың былығын әшкереледі

Үйлері өртенген алматылық алты отбасы мүшелері ғаламтор желісінде «Батыр» атанған бомждың былығын жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Баспанасыз қалғандардың сөзінше, «жанып жатқан үйден он баланы құтқардым» деген қаңғыбастың сөзі қып-қызыл өтірік.

Баспаналары өртенген тұрғындар. Сол жақтағы азамат Орынбасар Мамытов. : Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

«Өрт сенбі күні таңғы сағат ондардың шамасында шеткі үйдегі электр тоғынан шыққан. Оны алғаш Мәншүк Темірханова көрген. Балалары ұйқыдан енді тұрған екен, Мәншүк терезенің пердесін ашқанда көрші үйдің шатыры лапылдап жанып жатқан.

Тұрғындардың сөзінше баспана небары жарты сағат ішінде жанып кеткен. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

Сосын ол: «Өрт, өрт, қашыңдар!» деп айқай салды. Барлығымыз үстіміздегі кимімізбен далаға атып шықтық. Мен екі баламды құшақтап далаға шығарып, үйге кіріп құжаттарды іздедім. Мәншүк бес баласын өзі көтеріп шықты. Қуаныш деген көршіміз де үш қызын өзі үйден шығарды. Сол көшенің бойындағы бір көршіміз балалардың барлығын үйіне кіргізген соң, біз өрт сөндіруге кеттік.

Кейбір үйдің сырты бүтін болғанымен ішінде өмір сүруге қауіпті. Себебі қабырғалары опырылып тұр. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

Жаңалықтардан «БОМЖ балалардың өрттен аман алып қалды» деген мақаланы оқып, талып қала жаздадық. Батыр атанған қаңғыбас осы жерге өрт сөндірушілерден соң келіп, әрлі-берлі жүргенін көрдік. Онда да бізге көмектесу үшін емес, үйдің жанында қоқыс жәшігі бар. Сол жерден олар таңертең келіп бөтелке тереді», - деп ашынды баспанасыз қалған Орынбасар Мамытов.

"Батыр" бомж өртенген үйдің жанындағы қоқыс жәшігіне күнде келеді екен. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

Тілсіз жау үш бірдей отбасыны далада қалдырды. Барлығының үстілеріндегі бір киімнен басқа дүние-мүлкі түгелдей жанып кеткендіктен, балалары сабаққа бармақ түгіл, далаға шыға алмай отыр.

Өртенген үйдің ішкі көрінісі. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

«Бес баламызбен далада қалдық. Пәтер ақыны да алдын ала төлеп қойған едік. Қожайынға хабарлассақ «аяғым ауырып жатыр, қайда барсаң онда бар» деді. Баспана ескі, ағаштан салынғандықтан әп-сәтте жанып кетіпті. Бірінші шатыры өртеніп ішіне опырылып құлаған.

Жылап отырған азамат Әбілбек Нұрпейісов өрттен аман қалған 7 баламен. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

Мен өзім бір мекеменің ауласын сыпырушы едім. Үйде жарым Мәншүк болған. Барлығының тірі қалғанына «тәубе» деймін, алайда балалардың үстіндегі кимінен басқа дымы қалған жоқ, бәрі өртенді.

Кейбір тұрғындар жалын басталғанда таңғы астарын ішіп отырған. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

Тіпті, несиеге алған тұрмыстық техникаларға дейін жанған. Ал оның несиелері мойнымда қалды. Енді қайда барып күн көріп, қалай жан бағамыз», - деп еңкілдеп жылады Әбілбек Нұрпейісов.

Аула сыпырушы Әбілбек Нұрпейісов бес баласымен далада қалды. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

Бір күнде қаңғыбастар қатарына қосылған қос отбасы бірігіп, туыстарының кішкене пәтеріне уақытша орналасқан. Көлемі 20 шаршы метр болатын үйде қазір 11 бала мен алты ата-ана сығылысып тұрып жатыр.

Өрттен кейінгі сәт. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

Тілшілерге "бүлдіршіндері тілсіз жаудан құтқардым" деп сұқбат берген қаңғыбас азаматты бізде іздегенмен таба алмадық.  Ал оның не үшін жалған сұқбат бергені әзірге белгісіз. Тағы бір айта кетерлігі тілсіз жау жапсарлана салынған алты баспананың 300 шаршы метрін күлге айналдырған.

Сарапшылар қызыл жалынға оранған алты үй тұруға мүлдем жарамайтынын айтуда. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов.

Естеріңізге сала кетсек,  сенбі күні отандық БАҚ-тың бетін «Алматыда тұрғылықты мекен-жайы жоқ ер адам өрт сөндірушілер келгенше он баланы жанып жатқан үйден алып шықты» деген мақала тарып, халық бір ауыздан қаңғыбасты «Батырға» балаған болатын. Тіпті, кейбір белсенді азаматтар әлеуметтік желіде қала әкімі Бауыржан Байбектен  құтқарушыға лайықты құрмет көрсетіп, үй сыйлауында сұраған болатын.
Тағы оқыңыздар:
Атышулы "төрт ағайындының" басшысы сотта неше баласы барын ұмытып қалғанын айтты
Дәурен Абаев ЦОН-нан жеке мәліметтерді «жасырын алу» жайттарына қатысты пікір білдірді
Канеломен тең түскен Головкин реваншта нокаутқа түсіретініне сенімді емес
Айфонын қуаттамақ болған жеткіншек тоққа түсіп, мерт болды
Адам өмірін ұзартудың ең оңай жолы табылды

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1681925-turghyndar...

Самые важные новости дня с facebook & twitter