Майк Тайсон: Мен Алланың өзі таңдаған мұсылманмын

Synergy Global Forum Almaty қонағы, танымал боксшы, кәсіпкер Майк Тайсон өзінің қиындыққа толы болған балалық шағы, достары, бапкері, жанұясы және ислам туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Майк Тайсон. Фото NUR.KZ

Он мыңдаған аудитория алдында сөз сөйлеген Майк бала кезінде жеуге ештеңе таппағанда тамақ ұрлағанын есіне алды.
Сондай-ақ, ол өзінің әйелін ең жақын адамы деп білетінін, барлық жеңістерінің себепшісі сол адам болғанын жасырған жоқ.
«Мен боксер болуды армандадым, менің арманыма шабыт бітірген Мұхаммед Алимен кездесуім еді. Мен 11 жаста болған кезде, Мұхаммед Али біздің мектепке келген болатын. Осы кездесуден соң, мен боксер боламын деп шештім. Қуанышыма орай, маған жақсы тренер тап болды», - деді ол.
Майк көп ақша тапқанын, алайда олардың барлығын жұмсап тастағанын айтты.
"Иә, ақшаны жинамау керек, жұмсау керек. Мен ақшаны оңды-солды жұмсадым. Қазір олай етпеймін", - деп қосты.
Боксер өз кезегінде уақытын текке жұмсамайтынын, соған қоса продюсерлікке қадам басқысы келіп жүргенін атап айтты.

Майк Тайсон. Фото NUR.KZ

"Мен шоу жасадым. Мультфильмнің дыбысталуына, фильм түсіріліміне қатыстым, енді продюсерлік етсем бе деймін", - деді.
Майк, сонымен қатар, сатқындық тақырыбында да сөз қозғады.
"Мен сенуге болмайтын адамдарға сеніппін. Менің кінәм - өз өміріме қажетсіз адамдарды кіргізгенімде. Менің төрт мың досым болды. Банкрот болған кезімде, осы достардың ешқайсысы жанымнан табылмады. Қазір достарымның саны бар болғаны төртеу ғана", - деп мәлімдеді ол.
Боксер ислам дінін ұстанып, соның шарттарымен өмір сүреді.
"Мен мұсылманмын. Мені Алла таңдады", - дейді Майк.

Читать польностью: https://www.nur.kz/kk/1693973-mayk-tayso...

Самые важные новости дня с facebook & twitter


Похожие новости

Двое воспитанников детдомов представят Казахстан на конкурсе "Ты супер!" на НТВ 0 0 666
Гид по выходным: выставка Алмагуль Менлибаевой, «Аэропорт» и новый Вуди Аллен 0 0 0
«Это конец». Майк Тайсон прокомментировал судейство боя Головкин — Альварес 0 0 0
Тайсонның бапкері: Бұл жолы «Канело» Головкинді оңай жеңеді 0 0 0
На реке Иртыш обнаружили нефтяное пятно 0 0 666
Экологи Усть-Каменогорска прокомментировали ситуацию с разливом топлива в городском водоеме 0 0 0
Каталог Victoria’s Secret 1979 года 0 0 666
Джина Лоллобриджида удостоена именной звезды на Аллее славы Голливуда 0 0 666
В Подмосковье трое подростков затушили снегом Вечный огонь 0 0 666
Новый фильм Вуди Аллена с Джудом Лоу могут не выпустить в прокат 0 0 0